jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Сот Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болғанын хабарлады

    Судья
    Судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Бүгін елордалық сот Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының ісін қарауды жалғастыруда. Прокурор оның Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болғанын, сондықтан оның қамаудан шығарылмағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Гүлмира Сатыбалдының адвокаты оның бұлтартпау шарасын жұмсартуды сұрады.

    "Гүлмира Сатыбалдының қамауда отырғанына бір жылдан асты. Оның үш баласы бар, әйел адам, оған толықтай оқшаулану қиын, бес немересі бар. Оның тұрақты тұратын мекенжайы бар. Сатыбалды барлық сот отырыстарына алдын ала шақырту бойынша қатысуға дайын, сондықтан бұлтартпау шарасын үйқамаққа немесе кепілге ауыстыруыңызды сұраймыз", – деді қорғаушы Әсел Рабатова.

    Жауап ретінде прокурор бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз жоқ екенін айтты. Оның үстіне прокурордың айтуынша, Сатыбалды бұрын шекараны кесіп өтпек болған.

    "Алдын ала тергеу барысында айыпталушы Гүлмира Сатыбалдының шекараны кесіп өтпек болғаны туралы факті белгілі болғандықтан, (бұлтартпау шарасының - ред.) күшін жою немесе өзгерту жағдайы анықталмады. Бұлтартпау шарасын өзгертуге болмайды деп есептеймін", – деді прокурор Альмира Қожахметова.

    Еске салсақ, Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот 2023 жылдың қаңтарында басталған болатын.

    Сот Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болғанын хабарлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.