jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Роза Рымбаева немересі Зейіннің бесік тойын дүркіретіп өткізді (видео)

    Әли Оқапов, Ақерке Бүркітбаева, Роза Рымбаева және Мәди Рымбаев
    Роза Рымбаева немересінің бесік тойын өткізді. Фото: instagram/akerkeburkitbay

    Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева көптен күткен тұңғыш немересі Зейіннің бесік тойын жасап, қонақтардың басын қосты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әйгілі әншінің келіні Ақерке Бүркітбаева жақында шекесі торсықтай ұлды өмірге әкелген болатын. Әли Оқаповтың тұңғыш ұлы мен Роза Рымбаеваның тұңғыш немересіне Зейін деген есім берілген.

    Әнші немересенің бесік тойын Алматыдағы мейрамханалардың бірінде дүркіретіп атап өтті. Той қонақтары арасында елімізге танымал Мақпал Жүнісова, Ақбота Керімбекова, Алтынбек Қоразбаев, Сәкен Майғазиев, Жеңіс Ысқақова, Шәкизада сынды жұлдыздар бар.

    Тойда Роза Рымбаева немересін жанды дауыста ортаға алып шықты.

    Айта кетелік, кішкентай сәби ақпан айында дүниеге келген. Әншінің әже болғанын айтып, халықтан Мақпал Жүнісова сүйінші сұраған болатын.

    Ал сәбиге есімді Әли Оқаповтың өзі қойған.

    Роза Рымбаева немересі Зейіннің бесік тойын дүркіретіп өткізді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.