jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    "Таңнан бері жылап жүрмін": танымал ресейлік әнші 42 жасында әже атанды (фото, видео)

    әнші Слава
    Әнші Слава. Фото: instagram.com/nastya_slava

    Ресейлік белгілі әнші Слава 42 жасында немерелі болды. Қуанышты жаңалықпен өнер иесі өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Белгілі болғандай, Славаның 24 жастағы қызы, жас әнші Александра Морозованың тұңғышы дүниеге келген. Жас әртіс ұлды болған.

    "Менің өмірімдегі ең бақытты күн! Ана атандым", — деп жазды Александра әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Ал әже атанған "Каменная леди" және "Одиночество" хит әндерінің орындаушысы сүйінші хабарды өз оқырмандарымен бөлісуге асыққан.

    "Таңнан бері жылап жүрмін. Бұл қуаныштың бүгін болатынын сездім. Менің кішкентайым, менің Сашуням ана болды, ал мен әже атандым", — дейді Слава.

    Танымал әншіні тыңдармандары мен достары жарыса құттықтауда.

    "Керемет әйел, керемет адам немерелі болды, шынайы құттықтауды қабыл алыңыз!", "Қандай керемет, әдемі, жас әже!", "Настя, сен жалындап тұрған ең ғажайып әжесің", "Қызы мен сәбиіне денсаулық тілейміз. Сіз керемет, сүйікті әже боласыз", — деп жазды олар.

    "Таңнан бері жылап жүрмін": танымал ресейлік әнші 42 жасында әже атанды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.