jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Құйғанының өзі кино": Желіде Кәмшат Жолдыбаеваның шай құйған сәті тарап кетті (видео)

    Кәмшат Жолдыбаева
    Кәмшат Жолдыбаева. Скриншот: instagram.com/arturtolepov

    Әлеуметтік желіде жақында тұрмысқа шыққан әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаеваның достарына шай құйған сәті тарап кетті. Бұл сәтті актер Артур Төлепов видеоға түсіріп алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Кәмшат Жолдыбаеваның шай толы кесені ұсынған сәтін Артур Төлепов Instagram желісінде бөлісті.

    Жолдыбаеваның бұл образын ұнатқан желі қолданушылары жылы лебіз білдірді.

    "Қандай әдемі келін", "Әдемі келіншек болатынын бұрыннан білгенмін", "Шай құйғаны күшті екен", "Бақытты болсын", "Алла бағыңды ашсын", "Келін шай", "Шай құйғанының өзі кино", - деп жазды желідегілер.

    Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың наурызында Кәмшат Жолдыбаеваға сырға салынып, ұзатылған болатын.

    Ал кейінірек желіде отандық актер Ғазрет Қажымұқанұлының үйіне келін болып түскен Кәмшат Жолдыбаеваның басына ақ орамал салған сәттің видеосы тарады.

    "Құйғанының өзі кино": Желіде Кәмшат Жолдыбаеваның шай құйған сәті тарап кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.