jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Мен өзім білемін": Әли Оқапов ұлына әкесі Тасқынның тегін неге бермегенін түсіндірді

    Әли Оқапов демалыста
    Әли Оқапов. Фото: instagram/aliokapov

    Әли Оқапов тұңғыш ұлы Зейінге әкесі Тасқынның тегін берген жоқ. NTK Entertainment бағдарламасына сұхбат берген әнші неліктен мұндай қадамға барғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Алдымен әнші жеке өмірін көпшілікке неліктен жария етпейтініне тоқталды.

    "Мен жеке өмірімнің арқасында емес, жалпы өнерімнің арқасында жүрмін сахнада. Блогер, реалити-шоу қатысушылары жеке өмірлерін сата берсін. Маған ол қажет емес. Менің жүріп кеткен өмірім мен кестем 180 градусқа өзгеруде. Қазір барлық басымдық нүктелері, әрине, баланың айналасында. Бұл - қиын. Бұл - қорқынышты. Өте үлкен жауапкершілік. Бірақ өте қызық және маған ұнайды. Осыған дейінгі өмірім маған қайта оралмайтыны анық. Менің оған қайтқым да келмейді", - деді Әли.

    Сондай-ақ Әли ұлына әкесі Тасқынның тегін не үшін бермегенін түсіндірді.

    "Оқапов дегенде Әлиді емес, бірінші Тасқынды елестетеді халық. Көпшілік оны Тасқынның ізбасары ретінде көрсе деген ой болған менде. Қазір комментарий де көп жазылады. "Неге Тасқынның аты берілмеген?", - деген сұрақтар көп. Олар жаза береді. Мен өзім білемін. Өз ұлыма қандай фамилия беретінімді...Егер ол мен сияқты, атасы, әжесі, анасы сияқты өнер жолын қуатын болса, біздің тегіміз оған қолдау болады деген ойым бар", - деді Әли Оқапов.

    Еске сала кетейік, Әли Оқапов анасы Роза Рымбаевадан бөлек тұратынын да жасырмай айтқан болатын.

    "Мен өзім білемін": Әли Оқапов ұлына әкесі Тасқынның тегін неге бермегенін түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.