jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Жасырмаймын": актриса Қарлығаш Мұхамеджанова гонорары жайлы айтты

    Қарлығаш Мұхамеджанова
    Қарлығаш Мұхамеджанова. Фото: NEGE.KZ

    Қазақстандық танымал актриса Қарлығаш Мұхамеджанова NEGE.KZ сайтына сұхбат беріп, гонорары жайлы айтты. Актриса фильмге сирек түсуінің сырын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Сценарийге мән беремін. Мұны менің киноға сирек түсетінімнен аңғаруға болатын шығар. Әр жерден бір төбе көрсетіп, қадірімді кетіргім келмейді. Ертең оның абырой әпермейтінін білемін. Сондай-ақ қаламақысына да мән беретінімді жасырмаймын. Себебі, актердің жұмысы көзге көрінбейді. 

    Кейбір эпизодты аптап ыстықта немесе үскірік аязда түсіруі мүмкін. Оның соңы сырқаттанып қалуға әкелуі ықтимал. Психологиялық тұрғыдан да әсері бар. Сондықтан азын-аулақ ақыға бола жаныңды безегің келмейді", - деді ағынан жарылған актриса.

    Сонымен қатар өнер иесі сұхбат барысында қомақты қаламақысы жайлы нақты айта алмайтынын жеткізді.

    "Оны нақ айта алмаймын. Себебі, осыдан 5-6 жыл бұрынғы алған гонорарымды қазіргі девальвацияға шаққанда ауыз толтырып айтуға келмейтін сома болып қалуы мүмкін", - деді актриса.

    "Жасырмаймын": актриса Қарлығаш Мұхамеджанова гонорары жайлы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.