jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Бүркіт пен Аиша екінші үй салып жатқанын айтты (видео)

    Бүркіт пен Аиша
    Бүркіт пен Аиша. Фото: tolqyn.kz

    Отандық жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша екінші үй салып жатқанын баяндады. Өнер иесі Instagram парақшасында үй құрылысының жұмыстары карантин уақытынан ерте басталып, үш жыл тоқтап қалғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Үй салып жүрген адамдар осылай көрінеді", - деп жазды Бүркіт видеоға.

    Видеодан Бүркіт пен Аишаның қызын алып, құрылыс жұмысы жүріп жатқан үйдің жанында самаурын қайнатып тұрғанын көруге болады.

    Сонымен қатар әнші екінші үйдің құрылысын карантиннен бұрын бастағанын баяндап берді.

    "Үйімізді карантинның алдында бастағанбыз. Содан карантин кезінде құрылыс жұмыстары үш жылға тоқтап қалды. Енді бұйырса, 1-2 айда екінші үйімізді бітіреміз", - деп жазды Бүркіт.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бүркіттің анасы келіні Аишамен бірге тұратынын айтқан болатын. Жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша Алматыдағы зәулім үйінде енді өздері ғана тұрмайды. Бүркіт есімімен танымал әнші Айбек Жансейітов Алматыға ата-анасын алдыртқаны белгілі болған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.