jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Әйел үшін өте ауыр": Жазира Байырбекова отбасындағы сатқындық туралы айтты

    Жазира Байырбекова жұбайымен
    Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

    Отандық әнші Жазира Байырбекова отбасындағы ер адамның сатқындығы жайлы тақырыпты қозғап, бұл жағдайдың әйел қауымына қаншалықты ауыр әсер ететінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында айтты.

    "Күйеуінің үйге қонбағанын, көңілдесімен болғанын біліп қойғанын, әйелінен бірнәрсе жасырғанын әзілкештер қалжың ретінде көрсетіп, дастархан үстінде күліп әңгімелеп отырамыз.

    Шындығында, бұл - әйел үшін өте ауыр. Жүректің түбінде қалып қоятын, ерлі-зайыптының арасын суытатын, махаббатты сөндіретін сатқындық қой. Ол комедия емес, трагедия. Алла алдында үлкен күнә.

    Ұрпағымыздың отбасын ойыншыққа айналдырмай, салмақты қарауға тәрбиелеуіміз керек", - деді Жазира Байырбекова.

    Ал желі қолданушылары әншінің бұл жазбасымен толықтай келісетінін айтып, пікір қалдырды.

    "Дұрыс айтасыз", "Сізбен толықтай келісем", "Кейде шешім қабылдап, өз қадіріңді білген дұрыс", "Өте орынды", "Жүз пайыз келісемін", - деп жазды желідегілер.

    "Әйел үшін өте ауыр": Жазира Байырбекова отбасындағы сатқындық туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.