jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Дәлелдей алмадық": Қайрат Нұртастың әйелі қыздарының алаяқтарға алданғанын ашық айтты

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова
    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова. Фото: instagram/kair_n

    Қайрат Нұртастың екі қызы интернет алаяқтарына алданып қалған. Бұл туралы әншінің әйелі Жұлдыз Әбдукәрімова "Хабар" арнасындағы "Оян" таңғы бағдарламасында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әншінің екі қызы интернет-дүкеннен киімге тапсырыс беріп, ақшасы төленген заттарын ала алмаған. Жұлдызды отбасы алаяқтарға тап болатынын дәлелдей алмады.

    Бұл мәселе төңірегінде әлеуметтік желідегі алаяқтыққа қарсы жастар қозғалысының өкілдері өз пікірімен бөлісті. Олардың айтуынша, алаяқтар жалған интернет-дүкендер арқылы жиі алдайды. Мамандар бұл қылмыс түрінен сақтану үшін интернет-дүкеннің мекенжайын мұқият тексеріп, ақша жіберетін банк карточкаларына абай болу керек екенін ескертті.

    Сондай-ақ жалған интернет-дүкендердің парақшаларында пікір қалдыру бөлімі көп жағдайда жабық болатынына назар аудартты.

    Хабар барысында мамандар алаяқтарға алданып қалмаудың ең оңай тәсілдерін айтты. Қоғамға пайдалы іспен айналысып жүрген жастар 2 жылдың ішінде көптеген алаяқтық схемаларды әшкерелеп, алданып қалған 40 шақты адамның ақшасын қайтарып алуға көмектескен.

    "Дәлелдей алмадық": Қайрат Нұртастың әйелі қыздарының алаяқтарға алданғанын ашық айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.