jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Алла қосқан жанды ешкім ажыратпайды екен": Жұлдызай Дүйсенбиева жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды

    Жұлдызай Дүйсенбиева студияда
    Жұлдызай Дүйсенбиева. Скриншот: "Жетінші" арна

    Осыдан бірнеше күн бұрын жәледі отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның күйеуінен ажырасқаны жайлы ақпарат тараған болатын. Өнер иесі Instagram желісінде жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Алла қосқан жанды ешкім, еш нәрсе ажыратпайды екен. Бір-біріңізді Алла разылығы үшін жақсы көріңіздер, қадірлеңіздер", - деп жазып қойды Жұлдызай Дүйсенбиева.

    Сонымен қатар актриса жазбасына қол ұстасқан екі адамның қолының суретін бекітіп қойды.

    Айта кетейік, Kyn.kz сайтының мәліметінше, актрисаның күйеуімен ажырасуына қызынан кейін перзент дүниеге әкеле алмауы себеп болған.

    "Күйеуіме өкпем жоқ, өте жақсы әке. Бірақ, бұл - өмір. Жан-жағымыздағы әңгімелер шыдатпады. Мен денсаулығыма байланысты Аянаттан басқа перзент өмірге әкеле алмадым. Осы қызыма шүкір дедім. Алла ғұмыр берсін, әркім бақытты болуға лайықты. Ол да, мен де", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.

    Естеріңізге сала кетейік, кеше Жұлдызай Дүйсенбиева өзін Өзбекстанда ота жасамай емдейтінін бөліскен болатын.

    "Алла қосқан жанды ешкім ажыратпайды екен": Жұлдызай Дүйсенбиева жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.