jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Лайықты емеспін бе": әнші Бауыржан Исаев неліктен ешқандай атақ алмағанын айтты

    Бауыржан Исаев
    Бауыржан Исаев. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

    Отандық танымал әнші Бауыржан Исаев осы күнге дейін атағы жоғын айтты. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген өнер иесі өзін атаққа бір рет ұсынып, алайда комиссиядан өте алмай қалған кезін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Мен бір-ақ рет өкпелеген шығармын. Университетте жұмыс істеп жүріп, мені "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағына ұсынған кезде, комиссиядан өте алмай қалдым. Сол кезде ренішімді емес, ашуымды білдіргім келді.

    Сонша жыл сахнада жүріп, "Мен сонда лайықты емеспін бе" деп ойладым. Бірақ мұндай нәрсеге жеңіл қарайтын адаммын. Сондықтан бұл мен үшін үлкен жеңіліс деп айта алмаймын. Ең бастысы, халықтың көңілі. Халық маған баяғыда атақ беріп қойған.

    Содан бері әлі атақ берген жоқ. Мен де одан кейін өзімді ұсынған жоқпын", - деді Бауыржан Исаев.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бауыржан Исаев Атыраудағы тойлардың бірінде болған жайтты еске алды.

    "Лайықты емеспін бе": әнші Бауыржан Исаев неліктен ешқандай атақ алмағанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.