jitsu gif
Шоубиз

    Ажырасып кеткеніне 4 жыл болған Динара Қырықбаева қайта тұрмысқа шығуды ойлайтынын айтты

    Динара Қырықбаева
    Динара Қырықбаева. Фото: instagram.com/kyrykbayeva

    Отандық әнші Динара Қырықбаеваның күйеуінен ажырасып кеткеніне төрт жылдың жүзі болған. Өнер иесі кейде қайта тұрмысқа шығу туралы ойлайтынын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында жазды.

    "Менің ажырасқаныма 4 жыл болыпты. Мен өзімді жайсыз сезінбеймін, көңілсіз емеспін. Жасырмаймын, кейде қайта тұрмысқа шықсам қалай болады деп ойлаймын.

    Бірақ қазіргі уақытта мен өзімді жалғыздықта жақсы сезінемін", - деді Динара Қырықбаева.

    Айта кетейік, Динара Қырықбаева 2020 жылы үшінші сәбиін өмірге әкелгеннен кейін ажырасып кеткен болатын.

    Әнші арада біраз уақыт өткенде сәтсіз некесі туралы айтып берді.

    Сонымен қатар Динара Қырықбаева екінші рет тұрмысқа шығуға асықпау керектігін де айтқан болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.