jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Актер Абай Асылхан мен Жанель Мақажанова ерекше стильде гендер-пати жасады (видео)

    Абай Асылхан мен Жанель Мақажанова
    Абай Асылхан мен Жанель Мақажанова. Фото: instagram.com/abay.asylkhan

    Отандық актер Абай Асылхан мен жұбайы Жанель Мақажанова гендер-пати жасап, жақында дүние есігін ашатын нәрестенің жынысын білді. Бұл жайлы актер Instagram парақшасында көпшілікке айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видеодан актер мен актрисаның гендер-патиі қазақша стильде өткенін байқауға болады.

    Видеода екі қазақтың батыры сандық арқалап кіреді. Осыдан соң Абай Асылхан мен Жанель Мақажан сандықты ашып, оның ішінен тағы бір зат алып шығады.

    Видео соңында тағы бір кішкентай сандық ішінен аузы буылған кішкентай қапшық шығады. Осы қапшық ішінде болашақ нәрестенің жынысы жасырылған.

    Алайда актер мен актриса енді дүниеге келетін нәрестесінің жынысын көпшіліктен жасырын қалдырды.

    Ал желі қолданушылары қапшықтың ішінде асық бар деп болжаған.

    "Жынысын көрсетпесеңіз, не үшін жарияладыңыз?", "Қапшықта асық бар сияқты, ұл ғой", "Ұл болса да, қыз болса да, аман болсын", "Асық шықты. Абай Асылханның бірінші баласы ұл болады", - деп жазды желідегілер.

    Айта кетейік, актриса Жанель Мақажан мен оның сүйіктісі Абай Асылханұлы 2021 жылы мешітте шариғат бойынша некесін қидырды.

    Актер Абай Асылхан мен Жанель Мақажанова ерекше стильде гендер-пати жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.