jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Жақында тұрмысқа шыққан Әсел Сәдуақасова қызойнағын өткізді (видео)

    Әсел Сәдуақасова, Жәния Джуринская, Рано Умарова, т.б
    Әсел Сәдуақасова, Жәния Джуринская, Рано Умарова, т.б. Скриншот: instagram.com/asselsadvakassova

    Жақында сүйіктісімен заңды некесін қидырған Әсел Сәдуақасова жақындары мен құрбыларын жинап, қызойнақ өткізді. Мерекеге жиналғандар әлеуметтік желіде елеулі күннің естелігін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айта кетейік, биылғы жылдың маусымында Әсел Сәдуақасова өзінен 7 жас кіші сүйіктісіне тұрмысқа шыққан болатын.

    Осыған дейін актриса оқырмандарына үйлену тойының болатынына уәде берген еді. Тіпті Сәдуақасова тойы үшін қалыңдық көйлегін арнайы Парижден алды.

    Ал кеше Әсел Сәдуақасова жақындары мен құрбыларына қызойнақ жасады.

    Видеодан Жәния Джуринскаяның қызойнаққа Барби қуыршағының бейнесінде келгенін байқауға болады. Сонымен қатар Сәдуақасованың қызойнағына Нучи, Рано Умарова, Айман Құлымбетова және басқа да қонақтар ерекше стильде киініп келген.

    Ал қызойнақ иесі Әсел Сәдуақасова қысқа ақ көйлекпен көзге түсті.

    Видеодан мерекеге келген қонақтардың би билеп, ән айтып, түрлі көңілді сайыстарға қатысқанын көруге болады.

    Жақында тұрмысқа шыққан Әсел Сәдуақасова қызойнағын өткізді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.