jitsu gif
Шоубиз

    Марқұм Жанар Хамитоваға ұқсайтын жас әнші: Келбетім ұқсаса да, тағдырым ұқсамасын

    Дильназ Бердалиева
    Дильназ Бердалиева. Фото: Instagram / @berdalievaaa__

    Әлеуметтік желіде "Қара қыз - дара қыз" лақап атта танылып жүрген жас әнші Ділназ Бердалиеваның марқұм Жанар Хамитоваға ұқсастығы қызу талқыға түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Көпшілік желіде танымал болған Дильназдың Жанар Хамитовамен ұқсастығы бар екенін айтуда.

    "Дауысы керемет. Тура Жанардың дауысы сияқты ерекше. Өнерің өрге жүзсін", "Көзіме жас алдым", "Өзің ұқсағаныңмен, тағдырың ұқсамасын" - деді пікір білдірушілер.

    Сондай-ақ Дильназ Бердалиева "Таңғы studio" сияқты көптеген бағдарламаға сұхбатқа шақырылуда.

    "Жанар әпкемнің дүниеден озғанына 3 жылдан асып кетіпті… Біз адам баласының алдында қандай сынақ, қандай қиындық немесе қуаныш пен шаттық күтіп тұрғанын білмейміз. Бір-ақ рет берілетін өмірді мәнді де сәнді етіп сүруімізді Алла жазсын! Жанар әпкеме сырт келбетім я болмаса дауысым, шашым ұқсаса да, тағдырым ұқсамасын", - деп жазды ол Instagram желісіндегі жазбасының сипаттамасында.

    Марқұм Жанар Хамитоваға ұқсайтын жас әнші: Келбетім ұқсаса да, тағдырым ұқсамасын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.