jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "7 млн теңге": Төреғалидің үлкен қарындасы күйеуіне бренд сағат сыйлады (фото, видео)

    Фариза Төреәлі мен жұбайы
    Фариза Төреәлі мен жұбайы. Фото: instagram.com/farizatoreali

    Отандық әнші Төреғали Төреәлінің үлкен қарындасы күйеуінің туған күніне құны 7 млн теңге тұратын бренд сағат сыйлады. Бұл жайлы Фариза Төреәлі Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Екі ай бұрын сыйлығымды дайындадым. Дәл осы сағатты ұзақ іздеп, таптым. Алған кезде қуанышымда шек болмады. Себебі, бұл модельді табу оңай емес екен. Бәрі ниетке байланысты ғой.

    Екеуіміз енді шаңырақ көтергелі жатқанда, тойға дайындық кезінде Дархан 6 миллион теңгесін жоғалтқанын айтып едім. Қазір ерекше шүкіршілікке бөленіп отырмын. Себебі, Дарханның әлі талай белестерді бағындыратынына, оның потенциалы мықты екеніне сендім. Ал, міне, бүгін құны 7 млн теңгенің сағатын сыйлап жатырмын.

    Сіз бар жақсыға лайықтысыз, палуаным. Қуанышты күндеріміз көп болсыншы", - деп жазды Фариза Төреәлі.

    Ал желі қолданушылары сыйға тартылған сағатқа байланысты түрлі пікір білдірді.

    "Алла жұптарыңды айырмасын", "Бақытты болыңдар", "Қандай керемет", "Ысырап деп ойламайсыз ба?", "Бұлай мақтанғаныңыз жарамады", "Қорапта жүктіліктің тесті болады деп ойладым", "Жолдасыңыз бар сыйлыққа лайықты", "Сағат сыйламайтын ырым бар еді ғой", - деп жазды желідегілер.

    "7 млн теңге": Төреғалидің үлкен қарындасы күйеуіне бренд сағат сыйлады (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.