jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Актриса Жанель Мақажан күйеуіне тоқал болғысы келетін қыздар туралы айтты (фото)

    Жанель Мақажан күйеуімен
    Жанель Мақажан күйеуімен. Фото: instagram.com/janellemakajan

    Отандық актриса Жанель Мақажан күйеуіне тоқал болуға ұсыныс жасайтын қыздардың барын айтты. Аяғы ауыр өнер иесі бұл жайлы Instagram парақшасында көпшілікке баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Қыздар күйеуіме тоқал болуға ұсыныс білдіріп, өздері жазады. Бірақ оның өмірлік әйелі де, тоқалы да бар. Ол - менмін. Тіпті екінші иегім пайда болса да, мен сүйіктісімін", - деп жазды актриса.

    Ал желі қолданушылары Жанель Мақажанның бұл жазбасынан шошып, түрлі пікір білдірген.

    "Құдай сақтасын", "Қыздарда ұят қалмаған", "Басқа ер адам қалмады ма?", "Өздерін қалай тоқалдыққа қияды", - деп жазды оқырмандар.

    Айта кетейік, актриса Жанель Мақажан мен оның сүйіктісі Абай Асылханұлы 2021 жылы мешітте шариғат бойынша некесін қидырды.

    Ал жақында жұлдызды жұп ерекше стильде гендер-пати жасап, болашақ сәбиінің жынысын білді.

    Жанель Мақажан сторис
    Жанель Мақажан сторис. Скриншот: instagram.com/janellemakajan

    Актриса Жанель Мақажан күйеуіне тоқал болғысы келетін қыздар туралы айтты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.