jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Күйеуге бермесеңдер, қашып кетем": блогер Sabirkin тұрмысқа шығуына ата-анасының неге қарсы болғанын айтты

    Сабира Жарасқызы
    Сабира Жарасқызы. Видеодан кадр: youtube.com/@momskiy_angime

    Sabirkin атымен танылған блогер, актриса 19 жасында тұрмысқа шығатын кезде ата-анасы мен туыстарының қарсы болғанын айтты. Бұл туралы блогер Сабира Жарасқызы "Мамский әңгіме" подкастында әңгімелеп берді.

    Бірнеше отандық киноларға түсіп үлгерген Сабира Жарасқызы подкастта көрермендермен тұрмысқа шығу оқиғасын бөлісті. Ол тұрмысқа шыққан кезде 19 жаста болғанын, күйеуі өзінен алты жасқа ұлкен екенін атап өтті.

    "Бұл қыз әлі тұрмысқа шықпайды. Жұмыс істеп карьеристка болады деген қыздардың қатарынан болдым. Оған бәрі сенімді болды. Тұрмысқа шығатынымды ешкім күтпеді. Бәрі шок болды. Ол әлі балаға ғой деген сөздер көп болды", - деді ол сұхбатында.

    Актриса тіпті тойда да ата-анасының жүздерінде қуаныш болмағанын жеткізді. Ол бұны қыздарын әлі кішкентай санап, тұрмысқа дайын емес деп қорыққандарынан деп түсіндіреді. Алайда қазір әкесі мен күйеу баласының қарым-қатынасы өте жақсы екенін атап өтті.

    "Мен тез, аяқасты жолықтырдым махаббатымды. Бұның бәрі қалай болып кетті деген ойлар өзімде де болды. Әкем менімен сөйлеспей қалды... Мен әкемнің қызы болдым. Мен ол үшін әлі кішкентай қыз болдым. Барлығы мама арқылы шешілетін. Ұрысса да анам арқылы айтып жіберетін. "Күйеуге бермесеңдер, мен қашып кетем", - деп мен де тұрып алдым. Соншалықты ғашық болғам ғой. Ғашық болғандықтан, маған бәрібір болды. Үйдің еркесі болып өскен соң шығар", - деді актриса.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.