jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Бұл махаббат": Ерке мен Раим көпшілікке дуэт ұсынды (видео)

    Ерке Есмахан мен Раим
    Ерке Есмахан мен Раим. Скриншот: "Бұл махаббат" бейнебаянынан

    Биылғы жылдың қаңтарында шаңырақ көтерген жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Раим көпшілікке дуэт ұсынды. Бұл жаңалықты Раим Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Олардың ортақ туындысы "Бұл махаббат" деп аталады.

    Желі қолданушылары Раимның бұл жазбасын қызу талқыға салды.

    "Осының бәрі бір ән үшін жасалған хайп болып шықса", "Раим өте қарапайым еді. Еркеге қосылып, шаш үлгісі, стилі өзгеріпті", "Бірігіп бірнәрсе шықты-ау", "Күтіп жүр едім", "Маған да осындай махаббат бұйырсын", "Хиттің хиті болады", "Қызық көрінеді", - деп жазды желідегілер.

    Айта кетейік, әншінің мәліметінше, бейнебаянның толық нұсқасы 24 тамыз күні жарыққа шығады.

    Естеріңізге сала кетейік, қос әншінің кездесетіні жайлы қауесет желіге тарап, кейінірек Раим бұл ақпаратты растаған болатын.

    Ал арада бірнеше күн өткенде жұлдызды жұптың мешітте некесін қидырғаны белгілі болды.

    "Бұл махаббат": Ерке мен Раим көпшілікке дуэт ұсынды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.