jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Қайрат Нұртас жол қозғалысы ережесін бұзды": желіде тараған видеоға полиция пікір білдірді (видео)

    Оқиға орнынан видео
    Оқиға орнынан видео. Скриншот: t.me/egovpress

    Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында жол қозғалысы ережесін бұзған видео пайда болды. Көпшілік видеодағы көлік қазақстандық әнші Қайрат Нұртастыкі екенін айтуда. Бұл жазбаға облыстық полиция департаменті өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қайрат Нұртас Жамбыл облысы Қордай ауданында көлік жүргізу құқығынан айыратындай жол қозғалысы ережесін өрескел бұзды", - деп жазылған @egovpress Telegram арнасында жарияланған видеоға.

    Желі қолданушылары бұл видеоны қызу талқыға салған.

    "Бұл жағдайға таңғалуға бола ма?", "Жүргізуші куәлігінен айырылмайды ғой", - деп жазды желідегілер.

    Осы орайда Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиғаның 25 тамызда Қордай ауданы Алматы-Ташкент тас жолының 215 шақырымында болғанын айтты.

    "Бұл дерек Қордай ауданы "Алматы-Ташкент" тас жолының 215 шақырымында болды. Бұл құқықбұзушылықты жасағаны үшін Mercedes-222 маркалы көлігінің 37 жастағы жүргізушісіне Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 601 яғни жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамау бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 10 мың 350 теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп жазылды полиция департаментінің хабарламасында.

    Айта кетейік, облыстық полиция департаменті көлікті кім жүргізгенін және көліктің шынымен де қазақстандық әншіге тиесілі немесе тиесілі емес екенін нақты хабарламады.

    "Қайрат Нұртас жол қозғалысы ережесін бұзды": желіде тараған видеоға полиция пікір білдірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.