jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Концерттер өтетін болды": Максим Галкин өзіне қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғысын айтты (видео)

    Әзілкег Максим Галкин
    Максим Галкин. Фото: YouTube/Красный квадрат

    Ресейлік әртіс, әзілкеш, сықақшы Максим Галкин Instagram желісінде өзіне қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғысын айтты. Әртістің сөзінше, Астана мен Алматыдағы концерттері ақыры өтетін болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қымбатты қазақстандық көрермендерім! Маған көрсеткен қолдауларыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Біз туындаған барлық түсініспеушілікті шеше алдық. Осылайша, Алматы мен Астанадағы концерттер өтетін болды. Астанада концерт 8 қазанда болады. Ал Алматыда 6 қазанда емес, 9 қазанда өтеді. Сіздерді концерттерімде асыға күтемін", - дейді Максим Галкин Instagram-да жариялаған видеосында.

    Еске сала кетейік, бұған дейін әзілкеш Максим Галкин әлеуметтік желіде Қазақстанда концерттерін өткізуге "астыртын тыйым" барын мәлімдеген еді.

    Оның айтуынша, өзі және ұйымдастырушылары Астана мен Алматыда концерттерін өткізу үшін бірнеше айдан бері тырысып бағуда. Алайда әзілкеш осы күнге дейін әр түрлі кедергілерге тап болып отырғанын атап өткен болатын.

    Кейін Максим Галкин мәлімдемесіне қатысты Алматы әкімдігі жауап берген болатын.

    Сондай-ақ 7 қыркүйекте Галкиннің продюсері Алексей Пучков әртістің концерттері ақыры өтетінін хабарлады.

    "Концерттер өтетін болды": Максим Галкин өзіне қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғысын айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.