jitsu gif
Шоубиз

    Ана туралы ән айтқан Садраддин он екі мың адамның алдында жылап қалды (видео)

    Садраддин Болат анасымен
    Садраддин Болат анасымен. Фото: Instagram/sadraddinn

    Әнші Садраддин Болат өзінің жеке концертін өткізді. Жанды дауысты ән шырқаған ол ана туралы шығармасын орындап, көзіне жас алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Садраддиннің "Ана" атты әні тыңдармандарға жақсы таныс. Әнші қалың көрермен алдында сол әнді шырқамақ болғанда, көңілі босап, көзіне жас келе берді.

    Кейін ол көрермендерден кешірім сұрап, су ішіп алған соң микрофонға қайта оралды.

    "Кішкентайымнан мені қолаған адам - анам. Ол кісі қазір сахнада. Мама, бәрі жақсы", - деді әнші.

    Айта кетелік, Садраддиннің жеке концертін өткізуге танымал блогер досы қайтарымсыз 70 миллион теңге берген.

    Төрт ай бойы үздіксіз дайындалған концертке он екі мың адам келген.

    Ана туралы ән айтқан Садраддин он екі мың адамның алдында жылап қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.