jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Тоқтату мүмкін емес болды": Бурак Озчивитпен суретке түсуге таласқан алматылықтар ұятқа қалды (видео)

    Бурак Озчивит
    Фото: Instagram/burakozcivit

    Желіде Бурак Озчивиттің Алматыда жанкүйерлерімен кездескен сәтінен видео тарап, көпшіліктің ашуын тудырды. Бейнежазбада актерді орнынан тұрғызып, еркінен тыс суретке түсуге мәжбүрлеп жатқанын көруге болады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Аталмыш видео Instagram желісінде maavioli парақшасында жарияланған. Бейнежазбаны жүктеген желі қолданушысы орын алған ыңғайсыз жағдайдан жаға ұстағанын жасырмады.

    "Адамдар оны бассалды. Тіпті қорғаушылар оларды тоқтата алмады", - деген жазба қалдыржы ол.

    Желіде тарап кеткен видеода түрік сериалдарының жұлдызын жанкүйерлері қоршап алып, онымен суретке түсуге талпынып жатқанын көруге болады. Жанкүйерлердің бірін әртістің қорғаушысы ұстап алады.

    Ал басқа бейнежазбада бір арудың актердің қасына барып алып, суретке түсу үшін оны орнынан тұрғызып жатқаны көрініс тапты.

    "Мобилографты итеріп жіберіп, оған суретке түсірсін деп өз ұялы телефонын берді. Өте ұят жағдай", - деді желі қолданушысы.

    "Тоқтату мүмкін емес болды": Бурак Озчивитпен суретке түсуге таласқан алматылықтар ұятқа қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.