jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Азамат Сатыбалдының жұбайы: Оған алғаш ғашық болған мен болатынмын

    Назгүл Қарабалина, Азамат Сатыбалды
    Назгүл Қарабалина, Азамат Сатыбалды. Фото: instagram.com/azamatc

    Танымал актер Азамат Сатыбалдының жұбайы күйеуімен қалай танысқанын айтып берді. DASTARХан бағдарламасында Назгүл Қарабалина Азамат Сатыбалдыға бірінші өзі ғашық болғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Азаматпен ең алғаш академияда таныстым. Біз бірге оқыдық, бір курста, бір группада оқыдық. Бір ұстаздан бітірдік. Азаматты ең алғаш рет емтихан қабылдайтын үлкен залда көрдім. Мен рұқсат ала алмай, төртінші күн отырған болатынмын. Күнде фортепиано ойнап беремін, бірақ мені өткізбейді. Артқы орындықта күңіреніп отыр едім. Залға бес жігіт кіріп келді. Менің жанымда анам бар.

    Ақ шалбар, ақ көйлек киген, ұзын бойлы жігіттер кіріп келді. Іштей бір сезім келді ме, білмеймін. Бұрылып қарасам, Азаматқа көзім түсті. Бірнеше секундқа көзім тоқтап, бір қарадым. Ол жерде "Мына жігіт келбетті" деп ойлайтындай шамада емеспін. Ол кезде Азамат қазіргідей сүйкімді де болған жоқ. Өзі кішкене толықтау, көзі жап-жасыл. Келді де сахнаға шығып, бірден рұқсат алды. Мен "Кірде де, рұқсат алды. Мен осы жерде төрт күннен бері отырмын" деп, одан сайын жыным келіп қалды. Оқуға түскеннен кейін Азамат бізде староста болды. Мен батыстың қызымын, айтқанға бағына қоймаймын. Бір-бірімізді жақтырмай жүрген кезіміз де болды. Кейін жақсы көріп кеттік қой", - деді Назгүл Қарабалина.

    Сонымен қатар Назгүл Қарабалина бірінші күйеуіне өзі ғашық болғанын да ашып айтты.

    "Шыны керек, академияда оқып жүргенде Азамат мені онша ұнатқан емес. Азаматқа алғаш ғашық болған мен болатынмын. Жасыратын ештеңесі жоқ. Азаматтың маған көңілі ауса екен, көрсе екен, байқаса екен деген сәттер болды. Тіпті оған альбом арнадым. Азамат ол кезде басқа қызды ұнатып жүретін. Мен альбомыма "О, Алла Тағала! Егер де Азамат маған назар аударса, біз екеуіміз үйленсек, оның зейнеткер ата-анасына қарайтын едім. Оның көпбалалы жанұядан екенін білемін. Оны сен де білесің. Тоғыз ағайынымен жақсы қарым-қатынаста боламын. Маған тек қана екеуіміздің қосылуымызды нәсіп етші" деп жазатынмын. Соны бір күні Азамат оқып қойыпты. Содан кейін ойланған болу керек. Ондай адам керек қой. Ол тек есеппен үйленді. Менің сезімім шынайы болды. Басында есеппен үйленді, қазір енді жақсы көреді.

    Азаматтың сезімінен ең қымбаты менің атамның мені жақсы көргені. Қайын атам былтыр 90 жасқа келіп, өмірден өтті. Пешенеме сондай адамға келін болуды жазғанына шүкіршілігімді айтамын. Ол абыз адам еді. Азаматтың сүйіспеншілігінен де қымбаты - атамның, қазір қолымда отырған енемнің сүйіспеншілігі", - деді Назгүл Қарабалина.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Азамат Сатыбалды отбасын көпшілікке не үшін көрсетпейтінін айтқан болатын.

    Азамат Сатыбалдының жұбайы: Оған алғаш ғашық болған мен болатынмын

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.