jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Әнші Айдар Тұрғанбек Алматыдан басқа қалаға көшетінін айтты

    Айдар Тұрғанбек
    Айдар Тұрғанбек. Фото: instagram.com/aidar_turgambek

    Әнші Айдар Тұрғанбек жақында басқа қалаға қоныс аударатынын айтты. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында Алматының ауа райы отбасына жақпағанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Алғашқы үйім мен көлігімді 2009 жылы алдым. Содан бері үш рет көштім. Жақында басқа қалаға көшуім мүмкін. Қай қала екенін айта алмаймын.

    Себебі, Алматы қыздарыма жақпай, аллергия шығып кетті. Әйелім де ауырып қалып жатыр", - деді Айдар Тұрғанбек.

    Айта кетейік, осыған дейін Айдар Тұрғанбек жұбайын тікұшақпен алып қашқанын баяндап берген болатын.

    ""Әйгерімді келісімімен ұшақпен алып қаштым. Ол ағасының үйіне барып, шығып тұрды. Жалпы өзім оңтүстіктенмін. Өзім жарды Жетісай, Сарыағаштан, Ташкент жақтан іздедім. Мен Сарыағашта жеңгелерімді көріп өскенмін. Сонда көретініміз өзбектің сериалдары. Күйеуін сыйлау, "отағасы", "қожайын" деп сыйлау дамып кеткен. Мен жеңгелерімді көріп өстім. Олар күйеуінің есімін ешқашан атаған емес.

    Жұбайым да осы талғамға сай. Мені құрметтейтін, "осындай жар алғым келеді" деп ниеттендім. Біз қыз-жігіт болып жүрмедік, үш рет сөйлесіп үйлендік", - деген болатын әнші.

    Әнші Айдар Тұрғанбек Алматыдан басқа қалаға көшетінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.