jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Өзім босандым": Әсел Сәдуақасова басынан өткен жағдайда күйеуінің қалай қолдау көрсеткенін айтты

    Әсел Сәдуақасова
    Әсел Сәдуақасова. Видеодан кадр: Тимур Балымбетов бағдарламасы

    Актриса Әсел Сәдуақасова жүктілігін тоқтатқаннан кейін күйеуінің қалай қолдау көрсеткенін айтты. Өнер иесі Тимур Балымбетовтің бағдарламасында жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Өзім босандым. Ол менімен босану кезінде бірге болды. Маған дәрі беріп, толғақ шақырды. Толғақ бір тәулікке созылды. Егер табиғи толғақ келсе, сен балаңмен кездесетініңді білесің ғой. Ал бұл жағдайда өте қорқынышты болды. Дәрігерлер мені басқа балалардың туылғанын көрмеу үшін оқшаулады. Соның өзінде өте ауыр болды.

    Мағжан өте қатты қолдау білдірді. Сол сәттерде "Құдайым, осындай жұбайым болғаны үшін алғыс" дедім. Өте жақсы қолдау білдірді. Қарым-қатынасымыз түбегейлі өзгерді. Оның мені қалай қатты сүйетінін, қамқорлық танытатынын білдім. Ең бастысы, біз біргеміз", - деді көзіне жас алған Әсел Сәдуақасова.

    Айта кетейік, осыған дейін Әсел Сәдуақасова 20-аптасында дәрігерлердің кеңесімен жүктілігін тоқтатуға мәжбүр болғанын баяндап берген еді.

    "Өзім босандым": Әсел Сәдуақасова басынан өткен жағдайда күйеуінің қалай қолдау көрсеткенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.