jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Теледидардан көріп, осы қызға үйленем дедім": Димаштың әкесі Қанат Айтбаев жары Светамен қалай танысты

    Қанат Айтбаев және Света Айтбаева
    Қанат Айтбаев және Света Айтбаева. Фото: instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar

    Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Света Айтбаева өмірдегі және өнер жолындағы естеліктерін бөлісті. Ең алғашқы бір-біріне ғашық болған кезді де жұлдызды жұп Jibek Joly TV "Жақсы адамдарым" бағдарламасында айтып берді.

    "Жақсы адамдарым" бағдарламасында әнші Қанат Айтбаев жұбайы Светаға алғаш ғашық болған кезі туралы көрерменге әңгемелеп берді.

    "Ол кезде әлеуметтік желі жоқ. Екі-ақ арна. Біреуі - республикалық арна, екіншісі - облыстық арна. Облыстық арнаны қосып қойып, бір пәтерде тұратын төрт жігіт болып шәй ішіп отырсақ, "Қыз сыны" байқауының Бас жүлде иегері - Төлемісова Светлана" деп басына тәж кигізіп, алдына жазылған лентасын тағып жатыр", - деп еске алды Қанат Айтбаев.

    Өнер иесі бұған дейін де Светаны танығанын, бірақ осы жолы нақты үйленем деп шешім қабылдағанын айтты.

    "Мына қыз керемет, әп-әдемі екен деп сүйсініп отырдық. Мен теледидардан көріп отырдым да, айттым: "Осы қызға үйленем" деп. Бұған дейін көріп жүргем ғой", - деді ол.

    Қанат Айтбаев сол кезде облыстық телеарнада жұмыс істеген. Оның айтуынша, Светамен танысу үшін оны телеарнаға сұқбатқа шақырған.

    "Бір бағдарламаға шақырдым. "Соны талқылау үшін алдымен кездесейік" деп кездесуге шақырдым. Облыс әкімдігі алдындағы Ленин ескерткішінің жанында кездестік. Әлі есімде жаңбыр құйып тұрды. Света келді. Соған қарағанда мен де жаман жігіт болмағанмын ғой", - деп еске алды ол алғаш танысқан кезін.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.