jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Camry 70 ": Атышулы Say Mo ұйымдастырушыларға қоятын талабын айтты

    Say Mo
    Say Mo. Фото: instagram.com/say_mo__

    Отандық танымал әнші Say Mo концерт ұйымдастырушыларына қоятын талабын айтты. Өнер иесі өз жайлылығын бірінші орынға қоятынын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Say Mo өз райдері жайлы "Түңгі студия" бағдарламасында айтып берді. Оған қоса әртіс өзге отандық жұлдыздардың ұйымдастырушыларға қоятын қатаң талаптарын да сөз етті.

    "Райдер деген әр әртісте болу керек. Ол биші, әнші болсын. Сахнаға шығатын адамда райдер болу керек. Ол сенің талаптарын, саған ұнайтын заттар. Мысалы райдер техникалық және тұрмыстық болады. Техникалық жағынан микрофон, құлаққап , экран, колонкалар болуы шарт. Бұл әртіс үшін де, халық үшін де керек дүние. Кейбір біздің әртістер "Bugatti" көлігін сұрайды екен.

    Өзім бизнес-класс талап етемін. Кейде Toyota Camry 70 сұраймын. Өзіміз таза қазақпыз ғой. Кейде ұйымдастырушылар өздері қандай көліктер бар екенін айтып, ұсынып отырады. Солардың арасынан өзіме ұнағанын таңдап аламын. Ұйымдастырушыларды қатты қинамаймын. Бірақ, өз жайлылығымды бірінші орынға қоямын. Қарағанды, Талдықорған, Жезқазған сияқты қалаларда бармен қанағат деп жүреміз. Ал Алматы мен Астанада енді болады", - деді әнші.

    Сонымен қатар, Say Mo өз шығармашылығындағы жаңалықтарын да бөлісті. Өнер иесі қараша айында Американың үш қаласында жеке концертін бермек.Ол Чикаго, Майами және Нью-Йорк қалаларында өнер көрсетпек.

    "Camry 70 ": Атышулы Say Mo ұйымдастырушыларға қоятын талабын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.