jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Айтысты жақсы көремін": 27 тіл білетін америкалық қыз қазақ тілін үйреніп жүр

    Кэмерон Фар
    Кэмерон Фар. Фото: youtube.com/@tansholpantv

    17 жастағы америкалық Кэмерон Фар қазақ тілін онлайн үйреніп жүр. Бойжеткен болашақта Қазақстанда тұрғысы келеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Qazaqstan TV арнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасына сілтеме жасап.

    Өзін Айбала Құдайбергенқызы деп таныстырған америкалық қыздың қазақ тілін үйреніп жүргеніне 1-2 жыл болған. Ол қазақ тілінде сөйлейтін достарын да тауып алған.

    "Достарым Алматыда және Сарыағаштан. Қазақ тілін үйрететін мұғалімім Алматыдан. Тілдерді үйренгенді жақсы көремін. Көбіне практикамен үйрендім. Instagram-да, ТikTok-та онлайн арқылы достарыммен сөйлесемін. Раушан, Шәкизада, Қазына деген достарым бар. Димаш Құдайбергеннің әндерін және айтысты жақсы көремін", - дейді Кэмерон Фар.

    Кэмерон қазіргі уақытта 27 тіл біледі. Оның айтуынша, бір жылда бір тілді үйренеді екен. Ол болашақта 100 тілді үйренгісі келетінін жеткізді.

    "Қазақстанға қатты барғым келеді. Кәмелеттік жасқа толған соң барамын деп отырмын. Шымкент, Қызылорда, Сарыағаш, Алматы, Астана, Ақтөбе сияқты қалаларға барғым келеді. Сонамен қатар мен Қазақстанда тұрғым келеді", - дейді ол.

    "Айтысты жақсы көремін": 27 тіл білетін америкалық қыз қазақ тілін үйреніп жүр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.