jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Екінші келінмін": Роза Рымбаева ел білмейтін құпиясын бөлісті

    Роза Қуанышқызы
    Роза Қуанышқызы. Видеодан скриншот: "Алғашқы" бағдарламасы

    Әнші Роза Рымбаева алғаш рет келін боп түскен кезін еске алды. Өнер иесі "Алғашқы" бағдарламасында сиыр сауып, бауырсақ пісірген күндері жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Тасқынның тірі кезінде ауылға талай концертпен бардық. Елу жылда қандай сахнада ән айтпадым? Мен үшін ерекше сахна керек емес. Ең бастысы, техника болса, халық алдымызда отырса, әнімізді шырқай береміз.

    Ауылда келінбіз. Оқап атамыздың бес келіні болды. Мен екінші келінімін. Сиыр да сауамыз, бауырсақ та пісіреміз, аула да сыпырамыз. Тасқынды таңдау себебім: ол бар жағынан жоғары болды. Ол мәдениеті, салмақты еді", - деді жан сырын ақтарған Роза Рымбаева.

    Ал әншінің қайын сіңлісі Роза Рымбаеваның алғаш рет келін боп түскен кезін еске алды.

    "Ауылымызда үнді фильмі болады. Роза келін боп түскен күні, фильмнен шыққан бүкіл халық біздің аулаға жиналды. "Роза келе жатыр" дегенді естіген ғой. Ағаларымыз ешкімді кіргізбеуге тырысты. Ол кезде екі бөлмелі ғана үйіміз болған", - деді Роза Рымбаеваның қайын сіңлісі.

    "Екінші келінмін": Роза Рымбаева ел білмейтін құпиясын бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.