jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Ағамызға өкпе жоқ": тойда өнер көрсеткен Айқын ыңғайсыз жағдайға тап болды (видео)

    Айқын Төлепберген тойда
    Айқын Төлепберген тойда. Видеодан кадр: Instagram/aikyn

    Қазақ эстрадасының жұлдызы Айқын Төлепберген желіде тойда болған қызықты оқиғаның видеосын жариялады. Бейнежазба желі қолданушыларының көңілін көтерген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айқын аталмыш видеоны Instagram парақшасында бөліскен.

    Бейнежазбада әншімен суретке түскен ер адамның оның қалтасына қолын салып жатқаны көрініс тапты. Өнер иесі той қонағының бұл әрекетін түсінбеген.

    "Ақша салмады. Мүмкін жұғысты болсын деп, қалтама қолын салған шығар. Ағамызға өкпе жоқ. Көңілді көтеріп, суретке түсті", - деп жазды әртіс.

    Желі қолданушылары той кезінде қызықты жағдайды қызу талқылап, оған қатысты ойларын ортаға салды.

    "Өнерін бағалап ақша салған шығар", "Қолы жаурап қалған болар", "Костюмді тексеріп жатқандай", "Қолын қалтаға салғанға мәз ғой", "Қызық жағдай екен. Не үшін салды екен? Бәрімізге жұмбақ болды", "Осы видеоны көріп отырса, кейін өзі түсіндірер", - деп жазуда оқырмандар.

    "Ағамызға өкпе жоқ": тойда өнер көрсеткен Айқын ыңғайсыз жағдайға тап болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.