jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Рөл берді": Нұргүл Мыңғатова Дариға Бадықованың фильміне неге түспегенін айтты

    Нұргүл Мыңғатова
    Нұргүл Мыңғатова. Видеодан кадр: Youtube/Khabar TV

    Отандық танымал актриса Нұргүл Мыңғатова "Келінжан" сериалы бойынша "абысыны" Дариға Бадықованың жаңа фильміне не себепті түспегенін айтты. Сөзінше, өнердегі әріптесі тырнақалды туындысынан рөл ұсынған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Нұргүл Мыңғатова Дариға Бадықованың фильміне шақырту алғанымен, оған түсе алмаған. Актриса оның себебін "Ұйқым келмейді" бағдарламасында түсіндірген.

    "Өзінің "Таптым-ау сені" атты фильмінен маған рөл берді. Мен уақытыма байланысты түсе алмадым. Бүгінде киноға көп көңіл бөліп кетсем де, театрдағы жұмысымды да қатар алып жүруге тырысып жүрмін. Балам кішкентай болған соң, тек өз рөлдерімді ғана сомдап кетіп жатамын", - деді өнер иесі.

    Оған қоса Мыңғатова өз мінезі туралы айтып берді.

    "Қызармаймын, көгермеймін. Ашуым тез тарайды. Жүрегім жұмсақ, бәрін жақын қабылдап қаламын. Тіпті кейбір кезде жылап қаламын. Тырысып қалатын мінезім бар. Оны бәрі біледі. Сосын ары қарай түк болмағандай сөйлесіп кетемін", - деді актриса.

    "Рөл берді": Нұргүл Мыңғатова Дариға Бадықованың фильміне неге түспегенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.