jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Cерік Ибрагимов отбасымен бірге үшінші сәбиге гендер-пати жасады (видео)

    Серік Ибрагимов отбасымен
    Серік Ибрагимов отбасымен. Видеодан кадр: instagram.com/ibragimovserik

    Әнші Серік Ибрагимов отбасындағы қуанышын бөлісті. Өнер иесі жұбайымен бірге үшінші сәбидің жынысын білу мақсатында гендер-пати өткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Көптен күткен гендер-пати. Үшінші сәбиде балаларға қызық болсын деп, кішігірім Gender party жасадық", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

    Видеодан әншінің ұлы мен қызын және жұбайы Айнамкөзді көруге болады.

    "Алланың қалауымен бізде қуанышты жаңалық. Бұйырса, отбасымыз тағы бір адаммен толығады. Сол кісінің кім екенін сіз бен біз болып, бірге анықтайық", - деді әнші видеода.

    Алайда әнші мен отбасы болашақ сәбидің жынысы кім екенін көпшіліктен құпия қалдырды. Ибрагимовтың ұлы мен қызы ішіне сәби жынысы жасырылған екі шар жарғанымен, үшінші нәрестенің кім екені видеода көрсетілмеді.

    Ал желі қолданушылары видеоны қызу талқыға салды. Кей оқырмандар әншіге ақ тілегін арнаған.

    "Ұл немесе қыз босанасың", "Көрініп қалды", "Ұл ғой", "Қызды боласыз. Қызыңыз шарды жарғанда, қызғылт түс шықты", "Бақытты болыңыздар", "Ұл", - деп жазды желідегілер.

    Cерік Ибрагимов отбасымен бірге үшінші сәбиге гендер-пати жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.