jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Екі рет қана ас әзірледім": рэп орындаушы Yenlik келіндік өмірі жайлы айтып берді

    Рэп орындаушы "Yenlik"
    Рэп орындаушы "Yenlik": Instagram/yenleak

    Жастар арасында кеңінен танымал рэп орындаушы Yenlik отбасылық өмірі қалай өтіп жатқанын бөлісіп, алғаш рет күйеуі жайлы айтып берді. Әншінің жолдасы да өнер саласынан алыс емес болып шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Yenlik келіндік қызметін қалай атқарып жүргенін "Ревью" бағдарламасында ақтарыла айтты. Сөзінше, осыған дейін ол тек екі мәрте ғана тамақ жасаған. Сонымен қатар, өнер иесі ерте тұрудан қиналғанын жеткізді.

    Десе де жаңа отбасы оның жұмысына асқан түсіністікпен қарайды екен.

    "Жұбайыммен продюсер таныстырған. Екеуі қосылып, бірінші бейнебаянымды түсіріп берген болатын. Содан кейін таныстық. Басында дос болдық. Кейін уақыт өте келе ол менің керемет екенімді түсінді. Мен сияқты кешірек, 26 жасында тұрмысқа шыққан қыздарға оңай деп айта алмаймын. Ең қиыны - ерте тұру. Ұйқы режимін бұзып алдым. Бірақ тұрып жүрмін. Тамақ тек екі рет қана жасадым. Жолдасым менің графигімді жақсы түсінеді. Бақыттымын", - деді рэп орындаушы.

    "Екі рет қана ас әзірледім": рэп орындаушы Yenlik келіндік өмірі жайлы айтып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.