jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Нұрбақыт Қарағай "Диета.кз" тобынан неге кеткенін ашып айтты

    Нұрбақыт Қарағай
    Нұрбақыт Қарағай. Видеодан кадр: "Қызықты weekend" бағдарламасы

    "Диета.кз" тобының бұрынғы әншісі Нұрбақыт Қарағай не үшін жеке шығармашылыққа көшкенін айтты. "Қызықты weekend" бағдарламасында өнер иесі ел көкейіндегі сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Жасұлан екеуіміз он жылдай өнер көрсеттік. Аз уақыт емес. Енді жеке тұлға болып қалыптасатын уақыт келген шығар.

    Екеуіміз ренжіскен жоқпыз. Достықпен бөліндік. "Жастарды өсіруім керек" деді. "Диета.кз" тобын жалғастыратын жастарды тәрбиелейді. Орнына жастарды қалдырып, өзі болашақта продюсерлікті қолға алмақшы. Әйтеуір, ақ батасын алып кеттім ғой. Арамызда ешқандай келісімшарт болмады. Бөлінгеннен кейін де маған оңай болмады", - деді Нұрбақыт Қарағай.

    Айта кетейік, осыған дейін Нұрбақыт Қарағай көпшілікке төрт баласы мен келіншегін таныстырған болатын.

    Нұрбақыт Қарағай "Диета.кз" тобынан неге кеткенін ашып айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.