jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Айжан Байзақова екінші сәбиіне қандай есім бергенін айтты (видео)

    Айжан Байзақова
    Айжан Байзақова. Фото: instagram.com/bayzakova

    Блогер Айжан Байзақова бірнеше күн бұрын екінші ұлын өмірге әкелді. Перзентханадан шыққан ол тұңғышы мен жаңа туған нәрестенің алғаш кездескен сәтін көпшілікке көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Алан мен Асадулланың алғашқы кездесуі. Есімді Нұрбектің әкесі таңдады. Бізге де бұл есім ұнады. "Алланың арыстаны" деген мағынаны береді", - деп жазды Айжан Байзақова Instagram парақшасында.

    Сонымен қатар блогер видео арқылы ұлдарының алғаш кездескен сәтіндегі сезімін көрсетті.

    Видеодан Байзақованың тұңғышы жаңа туған нәрестенің қолынан ұстап, бетінен сүйген сәтін байқауға болады.

    Ал желі қолданушылары блогердің отбасына бар жақсылықты тілеп, жылы лебізін білдірген.

    "Бақытты болыңыздар", "Бауы берік болсын", "Қандай керемет сәт", "Есімі ерекше екен", - деп пікір білдірді желідегілер.

    Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Айжан Байзақова екінші перзентін дүниеге әкелді.

    Айжан Байзақова екінші сәбиіне қандай есім бергенін айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.