jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Мені жақсы көреді": әнші Бақыт Шадаева бірінші енесімен әлі күнге араласатынын айтты

    Бақыт Шадаева
    Бақыт Шадаева. Фото: Instagram/bakhyt_shadayeva

    Әнші Бақыт Шадаева осы уақытқа дейін бірнеше рет тұрмыс құрғанын айтқан болатын. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында бірінші жұбайының анасымен әлі күнге араласатынын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Мен өте тәртіпті келін болдым. Бірінші енеммен әлі күнге қарым-қатынасым жақсы. Мені жақсы көреді. Олар Алтайда тұрады. Үлкен қызыммен жақсы араласады. Қызым әкесімен де араласады. Байланыс үзілген жоқ. Бірақ мен бұрынғы күйеуіммен араласпаймын", - деді Бақыт Шадаева.

    Айта кетейік, осыған дейін Бақыт Шадаева бірінші күйеуімен ажырасу себебін де жасырмай баяндап берген болатын.

    "Екі рет тұрмыс құрдым. Бірінші жарыммен үш жыл тұрдық, ортақ бір қызымыз бар.

    Ол да өнер адамы еді, опера және балет бағытында жұмыс істейтін. Екеуміз де өнерде жүргендіктен, арада түсініспеушіліктер болды. Ол көбіне менің жолыма тосқауыл қоятын. Қызғаныш та жоқ емес. Осының бәрі шегіне жеткен соң, онымен ажырасып кеттім", - деген еді әнші.

    "Мені жақсы көреді": әнші Бақыт Шадаева бірінші енесімен әлі күнге араласатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.