jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Бақытты болуды таңдадым": Абай Асылхан жұбайына сезімін қалай білдіргенін айтты (видео)

    Жанель Мақажан күйеуімен
    Жанель Мақажан, Абай Асылхан. Фото: Instagram/abay.asylkhan

    Актер Абай Асылхан осыдан бірнеше жыл бұрын актриса Жанель Мақажанға үйленген. Өнер иесі 25 жасында өзінен үлкен әйелмен қалай шаңырақ көтергенін Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Мен оған қыз бен жігіт болып кездесуді ұсындым. Ал Жанель "Інім, рас айтып тұрсың ба?" деді. Мен інісі еместігін айттым. Мен расымен онымен кездесуге ұсыныс айтқан едім.

    Бірақ мен 25 жастағы жігіттің 13 және 11 жастағы екі баласы болатынын ойламадым. Ойланғанымда, қорқып кеттім. Себебі, оларды қалай асыраймын? Екіншіден, оларға әке бола аламын ба деген қорқыныш болды. Үшіншіден, мұндай жауапкершілікке дайынмын ба деп алаңдадым", - деді актер.

    Сонымен қатар Абай Асылхан Жанельге тұрмысқа шығуға ұсыныс білдіріп, қалай отбасы құрғанын айтып берді.

    "Ата-анам мен туыстарым, халық не айтады деп ойладым. Бірақ мен өзімді немесе жұрттың сөзін таңдауым керектігін түсіндім. Мен өз бақытымды таңдадым және күрестім. Сөйтіп, Жанельге үйленуге ұсыныс білдірдім. Біз некемізді қидырдық. Отбасы құрдық. Осылайша, 25 жастағы жігіт пен 34 жастағы әйелдің отбасылық тарихы басталды. Қазір әр күніме шүкір айтамын", - деді Абай Асылхан.

    Айта кетейік, Жанель Мақажан мен Абай Асылхан 2021 жылы мұсылманша неке қидырды.

    "Бақытты болуды таңдадым": Абай Асылхан жұбайына сезімін қалай білдіргенін айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.