jitsu gif
Шоубиз

    Әнші Зарина Омарова ерекше марапатқа ие болды (фото)

    Зарина Омарова
    Зарина Омарова. Фото: Instagram/ zarina_omarova_official

    Отандық шоу-бизнес жұлдызы Зарина Омарова "Қазақстан Республикасының құрметті азаматы" атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл қуанышты жаңалығын Омарова Instagram парақшасында жария етті. Ол көпшілік назарына марапаттау салтанатынан видео ұсынып, төсбелгісі мен құжатын көрсетті.

    Өнер иесі қоғам дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін "Қазақстан Республикасының құрметті азаматы" атағына ие болған.

    "Маңызды марапат пен лайықты құрмет әрбір өнер адамын қанаттандырып, ерекше шабыт сыйлайтыны сөзсіз. Дәл осындай шаттыққа толы сәтімді қымбатты оқырман өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдім. Қоғам дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін "Қазақстан Республикасының құрметті азаматы" төсбелгісін иелендім. Құттықтап қойсаңыздар, қуанып қаламын", - деп жазды әнші.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.