jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Мөлдір Әуелбекова балалар үйінен бала асырап алғысы келетінін айтты

    Мөлдір Әуелбекова
    Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

    Әнші Мөлдір Әуелбекова осыдан 14 жыл бұрын "Ғашық жүрек" фильміне түсті. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында осы киноны түсіру барысында балалар үйінде болғанын және сол кезде бала асырап алуды өзіне мақсат етіп қойғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Фильмнің режиссері Асқар Ұзабаев болды. Ол "Мөлдір "Ғашық жүрек" фильміндегі балалардың көзқарасын экранда көрсету үшін балалар үйінде он күн тұрасың" деді. Оның неге олай айтқанын сол жаққа барғанда ғана түсіндім. Бір күн тұрдым да, қашып кеттім. Шыдай алмадым. Олармен бірге тамақтанып, бірге ойнадық. Олардың көзқарасы, тағдыры басқа болатынын түсіндім. Ондай өмір көрмегесін, бір күнге шыдай алмадым. Балалардың тағдыры өте ауыр.

    Кетіп қалғасын ғана "Асқар, мен кетіп қалдым" деп хабарластым. Бірақ режиссер "Қайта барасың" деді. Олар мейірімге зәру. Біреуін құшақтасаң, барлығы қойныңа кіреді. Шүкіршілігіміз аз екенін түсіндім. Сол кезде "Бала асырап алғым келеді" деген мақсат пайда болды. Қазір баламды дайындап жүрмін. Баламды апарып тұрамын. Бала жоқшылықты да көруі керек. "Балам, қазақтың бір қаракөзін алайық. Сен аға боласың" деп үйретіп жүрмін. Балам да қарсы емес. Бірақ әлі ерке сияқты", - деді Мөлдір Әуелбекова.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.