jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Алтынай Жорабаева қызына қандай есім қойғанын айтты (фото)

    Алтынай Жорабаева
    Алтынай Жорабаева. Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva

    Әнші Алтынай Жорабаева бірнеше күн бұрын бесінші перзентін өмірге әкелді. Өнер иесі қызына қандай есім қойғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әнші Instagram парақшасына жаңа туған нәрестесімен сурет жариялаған.

    "Амина Әлішерқызы. Қош келдің, ботам! Бес қызым - бес бармағым.

    "Аман-есен жаның қалсын" деген тілектеріңіз қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. "Босанатын әйелдің бір аяғы - жерде, бір аяғы - көрде" дегендей, сәбиді дүниеге әкелу - үлкен жеңіс.

    Серіктес боп әпкем кірді. Ер адамның серіктес болғанын құптамаймын. Әлішерім онсыз да қатты уайымдап, қобалжып, есік алдында дұға жасаумен болды. Бізге тілеген ниет-тілектеріңіз еселеп қайтсын", - деп жазды Жорабаева.

    Айта кетейік, күні кеше Алтынай Жорабаеваның бесінші перзентін өмірге әкелгені жайлы сүйінші хабарды көпшілікке Гүлнұр Оразымбетова жеткізді.

    Алтынай Жорабаева қызына қандай есім қойғанын айтты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.