jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Нұрғали Нүсіпжанов 87 жасын ерекше атап өтті (фото, видео)

    Нұрғали Нүсіпжанов туған күнінде
    Нұрғали Нүсіпжанов туған күнінде. Фото: Instagram/almatyobl_kultura

    Қазақстанның халық әртісі, "Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері Нұрғали Нүсіпжанов 87 жасқа толды. Қазақ өнерінің асқары жаңа жасын жақындарының арасында ерекше атап өткен. Әнші туған күнінде тағы бір атаққа ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Нұрғали Нүсіпжанов туған күнін Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өмірдегі және өнердегі достарының арасында атап өткен. Өнер иесі Instagram парақшасында мерекелік отырыстың қалай өткенін көрсетті.

    Туған күнге орай ұйымдастырылған жиынға әншінің жақындарынан бөлек тағы бірқатар лауазымды тұлға келген. Алматы облысы әкімінің өкілі Нұрғали Нүсіпжановты арнайы құттықтап, оған Алматы облысының "Құрметті азаматы" атағын табыстаған.

    Сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері де қазақ эстрадасының дүлділін жаңа жасымен құттықтап келіп, қонақтарының көзінше оған қазақтың ұлттық шапанын жапқан.

    Оған қоса тағы бірқатар мәдениет ұйымның қызметкерлері 87 жасқа толған әртістің ерен еңбегін бағалап, оған арнайы грамота табыстаған.

    Нұрғали Нүсіпжанов 87 жасын ерекше атап өтті (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.