jitsu gif
Шоубиз

    "Еркелетіп жіберейін": Қайрат Нұртас әкесімен бірге ән шырқады (видео)

    Қайрат Нұртас
    Қайрат Нұртас. Фото: instagram/kair_n

    Әнші Қайрат Нұртас әкесімен бірге лирикалық ән айтып, домбыра тартты. Нұртас Айдарбек ұлымен дуэт орындаған сәтті Instagram парақшасына жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Аян мен Заңғардың жоқтығын пайдаланып, 4 баласы бар мына жігіт еркелеп, келіп қалыпты. Жарайды, еркелетіп жеберейін", - деп жазды Нұртас Айдарбеков.

    Видеодан Қайрат Нұртастың өз орындауындағы "Сағыныш" әнін орындағанын және оны әкесі домбырамен сүйемелдеп отырғанын көруге болады.

    Сәлден соң Нұртас Айдарбек те ұлына қосыла ән шырқаған.

    Ал желі қолданушылары әкесі мен баласының орындауына жоғары баға беріп, жарыса пікір қалдырды.

    "Жарайсыздар", "Керемет орындау", "Әкесіне еркелегені жақсы ғой", - деп жазды желідегілер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.