jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ілияс Жансүгіровтің қызы Ильфа Жансүгірова 89-ға қараған шағында өмірден өтті

    Ильфа Жансүгірова
    Ильфа Жансүгірова. Фото: Facebook/Жанар Джандосова

    Ақын Ілияс Жансүгіровтің қызы әрі Ораз Жандосовтың келіні Ильфа Жансүгірова дүние салды. Бұл туралы белгілі алаштанушы, жазушы Елдос Тоқтарбай Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Жыр Құлагері Ілияс Жансүгірұлы мен аңыз ана Фатима Ғабитованың қызы, қос асылдың сынығы болған қайсар Ильфа анамыздың да уақыты болған екен. Ұлы жүрек тоқтапты.

    Ілиястың көзіндей еді. Әкесінен аумайтын. Әкесінің суретіне қарап отырушы еді", - деп еске алады өз парақшасында жазушы Елдос Тоқтарбай.

    Жазушы жазбасы арқылы марқұмның інісі Мұрат Мұхтарұлы Әуезовке, қыздары Ажар, Жанар, Дина, Фатимаға қайғырып көңіл айтқан.

    Айта кетейік, Ильфа Жансүгірова 1935 жылы дүниеге келген. Ол - Ілияс Жансүгіровтің қызы әрі Ораз Жандосовтың келіні.

    Ілияс Жансүгіровтің қызы Ильфа Жансүгірова 89-ға қараған шағында өмірден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.