jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Мектеп оқулығында Қайрат Нұртастың аты аталған тапсырма бары рас па: министрлік жауап берді

    Қайрат Нұртас
    Қайрат Нұртас. Фото: instagram.com/kair_n

    Әлеуметтік желіде мектеп оқулықтарында Қайрат Нұртас туралы тапсырманың жүргені туралы ақпарат тарады. Бұл жайтқа қатысты министрлік өкілдері Sputnik Қазақстан агенттігінің тілшісіне жауап берген.

    Министрлік өкілі берген ақпаратқа сілтеме жасаған агенттік мәліметінше, оқулықтарда Қайрат Нұртас туралы ақпарат жоқ.

    "Олжас Беркімбай деген кісі өзінің әлеуметтік парақшасында "Қайрат Нұртас мектеп оқулықтарында жүр" деп жариялаған. Қазір ол ақпаратты Олжас Беркімбай алып тастады. Негізі бұл ақпарат – мұғалімнің жеке өзі құрастырған тапсырма", - дейді министрлік өкілдері.

    Желі қолданушысы танымал әншінің аты математика пәнінде жүргенін жазған.

    "Суретте көрсетілген "Құрылымы күрделі теңдеулер" тақырыбы бойынша берілген тапсырма – мұғалімнің қалыпты бағалауға әзірлеген жеке тапсырмасы. Ал қолданыстағы 3-сыныптың "Математика" оқулығында Қайрат Нұртас туралы тапсырма жоқ", - деп хабарлады ведомстводан.

    Агенттік мәліметінше, ведомство өкілдері мектеп оқулықтары бірнеше сараптамадан өтетінін айтқан. Сол себепті әншілерге қатысты тапсырманың болуы мүмкін емес, әрі болмайды да дейді олар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.