jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Қарап отырған жоқпын": Қайрат Түнтеков басты табысы той екенін ашып айтты

    Қайрат Түнтеков
    Қайрат Түнтеков. Фото: Instagram/tuntekov_k

    Танымал әнші Қайрат Түнтеков басты табысы той екенін жасырмады. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында өнерден үзіліс алғанда, тойда ән айтқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Тойда ән айтамын. Тойда ән айтпайтын өнер адамдарын көрсетіңізші? Бәрі тойда ғой. Басты табысымыз - той ғой.

    Өнерден үзіліс алғанда, тойда жүрдім. Қарап отырған жоқпын. Сол үшін өз-өзімді ұстап жүрмін. Халықтың алдына шығып қоямын", - деді Қайрат Түнтеков.

    Сонымен қатар әнші ұсыныс түссе, тағы да фильмге түсуге қарсы еместігін айтты.

    "Фильмге 2009 жылы түстім. "25 теңге" деп аталады. Керемет комедия, ол кезде жаспын. Егер киноға шақырып жатса, ұсыныс болса, неге түспеске? Мен жағымсыз, бұзық кейіпкерді ойнағым келеді", - деді.

    Еске сала кетейік, осыған дейін отбасы жайлы сыр шертіп, бір қызы бар екенін айтқан болатын.

    "Үш жасар қызым бар. Үштен асты. Тәтті, өзім сияқты талантты. Дауысы, қабылдауы да жақсы. Өзім таңғаламын. Бірақ өнерге жолағанын қаламаймын. Дәрігер болады-ау", - деген болатын Қайрат Түнтеков.

    "Қарап отырған жоқпын": Қайрат Түнтеков басты табысы той екенін ашып айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.