jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов ісі: аппелляциялық шағым бойынша үкім шықты

    Мейіржан Төребаев
    Мейіржан Төребаев. Фото: instagram.com/meirzhach_tv

    Сот қаржылық пирамида ісі бойынша апелляциялық шағым бойынша үкім шығарды. Сотталғандар арасында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бүгін, 2024 жылғы 1 ақпанда Алматы қалалық сотының судьясы Mudarabah Capital қаржылық пирамидасына қатысты іс бойынша Төребаев, Шерниязов және басқа да сотталғандардың апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарды.

    Мемлекеттік айыптаушы соттан бірінші сатыдағы сот таңдаған жазаны қалдыруды сұрады. Қылмыстық істер бойынша коллегия прокурормен келісті.

    Сотталушылар мен адвокаттардың аппеляциялық шағымын қараған судья бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

    Сот үкімі күшіне енді.

    Айта кетсек, 2022 жылғы ақпанда блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын.

    Сол жылы 12 желтоқсанда Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ісі сотқа жолданғаны белгілі болды.

    21 желтоқсанда сот отырысы басталып, алдын ала тыңдауда айыпталушылардың адвокаттары бұлтартпау шарасын жеңілдетуді сұраған еді. Сондай-ақ Шерниязовтың адвокаты клиенттерінің әрекетінде қылмыс құрамының белгілері жоқ екенін айтып, оларға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұраған.

    2023 жылғы 23 маусымда Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа, сондай-ақ қаржы пирамидасы ісі бойынша басқа да айыпталушыларға сот үкімі шықты.

    Сот Мейіржан Төребаевты Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша кінәлі деп танып, оны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды.

    Мейірхан Шерниязов та Қылмыстық кодекстің 217-бабымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды және ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді.

    Ал Алмас Құрманғалиев 14 жылға, Дания Рахимова 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Андрей Ча 8 жылға, Ержан Мансұров 9 жылға, Ерлан Мансұров 9 жылға, Нұрлан Сұлтанбаев 8 жылға сотталды.

    Вайнерлер Төребаев пен Шерниязов ісі: аппелляциялық шағым бойынша үкім шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.