jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    "Шығыстың келіні болды": "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі ұзатылды (фото)

    Салтанат Серкебаева
    Жас жұбайлар. Видеодан кадр: instagram.com/aigulmukei

    Актриса, "Түнгі студия" телебағдарламасының жүргізушісі Салтанат Серкебаева бүгін "сырғалым" атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Актрисаның ұзату тойынан видеолар танымал тележүргізушілер Айгүл Мүкей мен Ләйлә Сұлтанқызының Instagram-дағы жеке парақшаларында жарияланды.

    "Сырғаң құтты болсын!", - деп жазыпты Айгүл Мүкей.

    Желі қолданушылар да тележүргізушіге ақжарма тілегін жаудырған:

    "Әдемі қыз, бақытты бол! "

    "Бағы баянды болсын! Өнерін тастатпайтын, жиған абыройын таптатпайтын күйеу болсын!".

    "Маңдайыңнан бақ кетпесін!"

    Ал Ләйлә Сұлтанқызы Салтанат Серкебаеваның Шығыс Қазақстанға ұзатылып бара жатқанын жазған.

    "Ұлы жүз бен орта жүздің арасында тағы бір көпір орнады", - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

    Жас жұбайлар Салтанат пен Нұржан
    Салтанат Серкебаева. Фото: instagram.com/sultankyzy

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram