jitsu gif
Шоубиз

    Режиссер Қуаныш Бейсек жаңа қызметке тағайындалды

    Азамат Сатыбалды, Қуаныш Бейсек
    Азамат Сатыбалды, Қуаныш Бейсек. Фото: instagram.com/azamatc

    Режиссер Қуаныш Бейсек "Қазақфильм" ұлттық студиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл жайлы "Қазақфильм" киностудиясының басшысы Азамат Сатыбалды Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қуаныш, "Қазақфильмнің" шығармашылық даму бағытын қадағалап, сол бағытқа жауап беретін болады. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар. Алла жар болсын", - деп жазды Азамат Сатыбалды.

    Сонымен қатар Қуаныш Бейсек тағайындалған жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді.

    "Жаңа Қазақстан құрамын деп уәде бере алмаймын. Алайда жаңа "Қазақфильм" құруға тырысамыз", - деп жазды Қуаныш Бейсек Instagram парақшасында.

    Айта кетейік, Қуаныш Бейсек "Ирина Кайратовна" тобының клиптеріне, "Дәстүр" фильміне режиссерлік етті.

    Режиссер Қуаныш Бейсек жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.