jitsu gif
Шоубиз

    "Жасыратыны жоқ": актер Қуандық Шәкіржанов теріс әдеті барын айтты

    Қуандық Шәкіржанов студияда қонақта
    Қуандық Шәкіржанов. Фото: "Хабар" арнасы

    Актер Қуандық Шәкіржанов ішімдік ішетінін жасырмады. Өнер иесі REVUE NEWS бағдарламасында теріс әдеті барын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бағдарлама тілшісі актерден "Ішкілікпен қарым-қатынасыңыз қалай?", - деп сұрады.

    Ал өнер иесі ішкіліктен түбегейлі бас тартпағанын айтты.

    "Жасыратыны жоқ, ондай әдетім бар. Жиі емес, бірақ бар. 100-150 грамм. Көңіл-күй болса, 200-300 грамм. Санды білгенше...", - деді Шәкіржанов.

    Еске сала кетейік, осыған дейін Қуандық Шәкіржанов әйелінің өзіне өкпелі екенін және отбасынан жырақта екенін айтқан болатын.

    "Қазір жанұядан жырақ, уақытша гастрольде жүрмін, шынын айтқанда. Солай болуы керек шығар.. Мінезіміз де жараспады ма?! Ұл-қызыммен жиі араласып тұрамын. Мамасы сұхбат беруге келмесе, маған өкпесі бар шығар. Өмір болған соң, бәрі де болады. Қайтадан қосыламыз ба? Оны құдай біледі. Қосылмай, сериал аяқталуы мүмкін", - деген болатын Қуандық Шәкіржанов.

    "Жасыратыны жоқ": актер Қуандық Шәкіржанов теріс әдеті барын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.